Қайрат Нұртастың қайын жұртында қонақта жүргені туралы видео тарады

13 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
видеодан алынған скрин
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды

Әнші Қайрат Нұртастың қайын жұртында қонақта жүргені туралы видео жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Видео авторы роликті «Қайрат қайын жұртында қонақта» деген атаумен жариялаған. Ал желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды.

«Алла ұзағынан сүйіндірсін! Алғашқы жары, балаларының анасындай ешкім болмайды. Екеуі де сүйкімді, әдемі жұп. Бақыт өз қолдарыңда», «Екеуі жарасып тұр», «Бакытты болып жүріңдер, халық екеуіңнің бірге жүргендеріңе риза», «Мынау менің күйеуім бе деп тұр ғой Жұлдыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы суып, ажырасқалы жүр деген сыбыс тараған. Ал жаңа жыл түнін әнші жұбайымен және енесімен бірге қарсы алғаны хабарланған.

 

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас