ІІМ қазақстандықтарды сапарға шығудан бас тартуға шақырды

13 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: ІІМ
ІІМ-де жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасалды.

Үндеу ауа райының қолайсыздығына орай жасалып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Жолда сақ болыңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев. 

Тэгтер:

жолдау ІІМ