Астанада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

13 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі
0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары ауа райының нашарлауына байланысты онлайн оқиды.

«2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Тэгтер:

Астана оқушылар екінші ауысым