Жаңалықтар

Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды

Polisia.kz

Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды.

Қызылорда облысы Арал ауданында полиция жеңіл автокөлікпен киік жануарының мүйіздерін заңсыз тасымалдаған тұрғынды құрықтады.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.