Жаңалықтар

Қарағанды мен Павлодар облысында жол жабылды

istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 13 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Қарағанды облысы:

- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.