Қостанай мен Ақмолада жол жабылды
Ауа-райына байланысты республикалық жолдардағы көлік қозғалысы шектелді.
2025 жылғы 13 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Қостанай облысы:
- "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Ақмола облысы:
- "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);
- "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының 856-1230 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.