Вячеслав Ким «Jusan» банктың 97,5% акциясын сатып алуға өтініш берді
Ол бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш жолдағанын мәлімдеді.
Кәсіпкер Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін өзі растады.
«Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-тың 97,5% акциясын сатып алу үшін өтініш бердім. Қазіргі уақытта бұл өтініш Агенттіктің қарауында. Регулятор өтінішті мұқият зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Айта кетейін, бұл мәміле Kaspi.kz компаниясына ешқандай қатысы жоқ», - деген Вячеслав Кимнің мәлімдемесін Kaspi.kz баспасөз қызметі таратты.