Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты студенттің оқуына алимент өндіру туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
1 курс студентінің жылдық оқу ақысы 1 млн 270 мың теңгені құраған.
Студенттің анасы оқу ақысының жартысын төлеген. Әкесінен материалдық көмектің болмауына байланысты анасы одан 61 АЕК мөлшерінде алимент өндіріп алуды сұраған. Сот отырысында жауапкер айына 15 АЕК төлеуге келісті.
Алимент мөлшерін анықтау кезінде сот мыналарды негізге алды:
- жауапкердің тұрақты жалақы алатын орнықты жұмыс орны бар;
- екінші некеде тұрады және онда жас баласы бар;
- бірінші некедегі үлкен баласының оқуын төлейді және қамтамасыз етеді;
- екі банк алдында несиелік міндеттемелері бар.
Алайда, несиелік міндеттемелердің болуы оны алимент төлеуден босатпайды.