Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды

13 ақпан, 2025 / Админ
Aqorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кадрлық тағайындауларға қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Тэгтер:

Мағзұм Мырзағалиев