«Бәрі мағынасыз»: Балжан Бидаштың Балиден жазған хаты жұртты ойлантып қойды

12 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Әнші желі оқырмандарына сырын ақтарды.

Балжан Бидаш Балидегі демалысын қорытындылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарына бойындағы өзгерістер жайында ағынан жарылды.

«Әлемнің ең әдемі жерінде болсаң да, ең сәнді жерде жатсаң да, егер ішкі дүниеңде үндестік жоқ болса – бәрі мағынасыз сезілуі мүмкін. Балида мен үшін бәрі басқаша болды. Күн сайын таңғажайып табиғат, дәмді тамақ, уайымсыз, жылы ауа райы, еркіндік… Бірақ ішкі түйсігім маған: “Жетер, оян, бірдеңені түсін!” деп белгі беріп жатқандай болды. Қанша әдемі жерді көрсем де, қыдыруға аса қызығушылығым болмады. Бұл жерде маңыздысы – менің ішкі сапарым болды. Қоғам бізге үнемі қандай болу керектігін үйретеді. Идеалды бол, успешный бол, жарыс, үлгер, ұят болады, бұл нәрсе дұрыс емес, бәріне ұнауға тырыс, Жақсы қыз былай істеу керек, жақсы адам былай өмір сүруі керек. Бір қарағанда дұрыс сияқты. Бірақ солай өмір сүре жүріп, өзімізді шынайы қабылдауды ұмытып, жүрек,жан, рух қалауын беруді ұмытып кетеміз. Бір сәтте өзіңе көңілің толмай, не істесең де жеткіліксіз сияқты болып, түбінде ішкі шаршау (выгорание) келеді», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол Бали оған көп нәрсені қайта қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Мен өзімнің шынайы, нәзік, таза Балжанымды қайта тапқандаймын. Сұрақ көп қойдым: Өзімді шынымен тыңдаймын ба? Жан қалауын берудемін бе? Құдай берген талантымды қолданудамын ба? Қаншалықты шынайысың? Жауап бірден келген жоқ. Эмоциональная качелида біраз тербелдім. Бірақ күн сайын бір нәрсе анық бола бастады: әдемі, өзіңді бақытты сезінетін өмір қоғамда, біреуде емес яғни сыртқы жағдайларда емес, ішкі күйіңе байланысты. Ізденістерім арқасында сұрақтарыма ақиқатты жауаптарымды тапқанда өзіме орын бердім. Өмірге деген махаббатым оралды. Кішкентай сәттердің өзі ерекше мәнге ие болды. Сенімім көбейіп, жеңіл бола түстім. Әр нәрсені өзімізден бастап тұрсақ өмір қиын емес. Жаратушыма осы тәжірибе үшін алғыстармын. Бұл жай демалыс болмады. Бұл – жаңа нұсқаммен бетпе-бет келген, өмірімдегі ең пайдалы сапар болды», – деді Б. Бидаш.

Тэгтер:

Бали Балжан Бидаш