Белгілі тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғанын айтты

12 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Әзірге әнші ақпаратты растаған жоқ.

Танымал тележүргізуші Анна Данченко әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!" - деп жазды Анна Данченко Instagram аккуантындағы stories-те.

Актриса Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы әзірге бұл жайында жақ ашпады. 

Айта кетейік, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа мамандықты игергені жайында жазған едік. 

Тэгтер:

сәби ана Кәмшат Жолдыбаева