ҚТЖ-ның Жамбылдағы филиалынан 36 млн теңгенің жанармайы ұрланған
Ұрлықты компнанияның тексеру қызметі анықтаған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының Жамбылдағы филиалынан 36 млн теңгенің дизельдік отыны ұрланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ұрлықты компанияның ревизорлық қызметі 2023 жылы анықтаған. Іс материалдары өңірдегі Экономикалық тергеулер департаментіне жолданған.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Қазақстан темір жолы» жәбірленуші тарап. Келген шығын көлемі 36 млн теңге», - делінген баспасөз хабарламасында.
Жақында іс материалдары сотқа жолданады.