Жаңалықтар

Ақтөбеде автокөлік 72 жастағы зейнеткерді қағып кетті

фото: freepik.com

Қария оқиға орнында көз жұмған.

Жол-көлік апаты 10 ақпан күні кешкісін болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

72 жастағы зейнеткер оқиға орнында жан тәсілім еткен. 

«2025 жылдың 10 ақпанында кешкі сағат 18:35-те Ақтөбе қаласындағы Жазықов көшесінде орналасқан №31 үйге қарама-қарсы тұста жол-көлік апаты болды. Салдарынан жүргінші қаза тапты», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір "Жол қозғалысы ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелген автокөлік құралық басқару" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.