Алматының орталығында орналасқан сауда павильоны бұзылды

12 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі
Нысан қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған және пайдалануға беру актісі болмаған.

Алматыда Қалдаяқов көшесінде орналасқан заңсыз сауда павильоны сүрілді. Нысан қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған және пайдалануға беру актісі болмаған.

Бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген, алайда меншік иесі оны орындамаған.

Ақыры, басқарма сотқа талап-арыз беріп, сот оны қанағаттандырды. Бұзу жұмыстарын нысан иесі өзі жүргізді.

2023 жылдың басынан бері Алматы әкімінің тапсырмасымен тұрғын үй кешендерін қосқанда 66 заңсыз нысан сүрілді.

Тэгтер:

Алматы сауда үйі