Жаңалықтар

Ақтау тұрғыны танысының 20 млн теңгесін алып қашып кеткен

istockphoto.com

Ол басқа облысқа жасырынған.

Ақтау қаласының тұрғыны танысына «Ақтаудағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінен 4 бөлмелі пәтер алып беремін» деп, сеніміне кірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол осылайша танысын алдап, оның 21 млн теңге ақшасын алып, басқа өңірге қашып кеткен.

Ақтау қалалық сотының 16 қаңтар 2025 жылғы үкімімен күдікті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.