Астана тұрғыны аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған

12 ақпан, 2025 / Админ
istockphoto.com
Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Астана қаласында ер адам көшедегі аялдамалардың бірінің әйнегін басымен ұрып сындырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп бұзған азамат 7 тәулікке қамалды.

«102-ге Айтматов көшесінде белгісіз бір адамның аялдаманың әйнегін сындырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын мас болып, әйнекті сындырған. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, 7 тәулікке қамалды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

аялдама