Қарағандыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

12 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Апат салдарынан 22 жастағы зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағандыда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері отырған көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Облыстық полиция департаменті аталған видеоға қатысты түсініктеме бере отырып, бұл оқиғаның 2025 жылы 11 ақпанда сағат 14:30-да Интернационалист-жауынгерлер көшесінде болғанын айтты.

«Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полициясының экипажы соқтығысуға жол бермеймін деп рөлді бұрғанда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан. Апат салдарынан 22 жастағы зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді. Арнайы машинаның жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Қарағанды полицей