Петропавлдағы мектепте өрт болды
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.
Бүгін Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан №7 орта мектептің электр қалқан бөлмесінде өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер жедел жетіп, 30 минут ішінде 1 шаршы метр аумақтағы жалынды толық сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске саламыз! Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.