Азия ойындары: Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды

12 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz
Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды.

Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.

Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Тэгтер:

Азия ойындары жүлде шаңғы әйелдер құрамасы