Шығыс Қазақстанда жол ашылды
Кеше кешкісін жол ауа-райының бұзылуына байланысты жабылған болатын.
2025 жылғы 12 ақпанда сағат 07:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды:
Абай облысы:
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылы);
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.