Жаһан

«12 адам жарақат алды»: Германияда жүрдек пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Сурет: istockphoto.com

Гамбургте жылдам жүретін ICE пойызы жүк көлігімен соқтығысты

Пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан адамдар зардап шеккен, деп хабарлады turkystan.kz Гамбург өрт қызметіне сілтеме жасап.

"Гамбургтің Рённебург ауданында автомобиль мен ұзақ қашықтыққа жүретін пойыздың соқтығысуы болды", - деп хабарлады Гамбург өрт қызметі өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша соқтығысу салдарынан 12 адам жарақат алған, олардың екеуі ауыр хәлде. Полиция өз кезегінде 200-ден астам жолаушының эвакуацияланғанын хабарлады.