Доллар бағасы тағы да 3,5 теңгеге түсті

11 ақпан, 2025 / Админ
istockphoto.com
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 510,49 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 506,43 теңгені құрады. Осылайша 3,48 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 509,51 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 512,38 теңгеден сатылып жатыр.

Доллар бір күнде 3,48 теңгеге арзандаса, бір айда 22,28 теңгеге арзандап отыр.

Ал қазір ақша айырбастау пунктерінде бір еуро 526-528 теңгеден, бір рубль 5,26 теңгеден сатылып жатыр.

ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,9 долларды құрады.

Тэгтер:

доллар бағамы