Көкшетауда екі тұрғын сауда павильонын тонап кеткен (ВИДЕО)

11 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz
Қаскөйлер жедел басқару орталығы камераларына түсіп қалған.

Көкшетаудың екі тұрғыны 11 ақпанға қараған түні  ұрлық жасаған. Олар "Орталық базар" аялдамасында орналасқан сауда павильонының пластикалық кіреберіс есігін зақымдап, 100 мың теңге көлемінде ақша мен өнімді ұрлап әкеткен.

Қаскөйлер жедел басқару орталығы камераларына түсіп қалған.

Полицейлерге қылмыс туралы ақпарат сағат 04:45-те келіп түсті. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен патрульдік полиция экипаждары келді. Алғашқы іздеу іс-шаралары барысында қызметкерлер жедел басқару орталығының бейнекамераларының жазбаларын зерттеді.

Камералардың бірінде қылмыстық әрекеттер анық жазылған, белгісіз адамдар бұзып, ұрлық жасап, кейін орталық базар аумағында жасырынған.

Бір сағат ішінде полицейлер қатысушылардың жеке басын анықтап қана қоймай, олардың орналасқан жерін тапты. Ұстау кезінде ер адамдар ұрланған ақшаны бөліп отырған және жұмсап үлгермеген. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдік бойынша мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар 35 жастағы Көкшетаудың екі тұрғынын ұстады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Көкшетау