Мектеп асханасының қызметкерлері жалған құжатпен жұмыс істеген
Оларға айыппұл салынды.
Мұнайлы ауданының соты мектеп асханасының жалған құжатпен жұмыс істеген 4 қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар жалған санитарлық құжатпен Мұнайлы ауданына қарасты № 8 орта мектептің асханасында жұмыс істеген.
Бұл жағдай аталған мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейінгі тексеру кезінде анықталды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.