Көкшетау тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды
Көкшетауда электронды вейптерді сатумен айналысқан әйелге қатысты үкім шықты.
Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды Көкшетау қаласының аумағында сатқаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге)көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауаптылыктың қарастырылғанын ескертеміз.