Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

11 ақпан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

 - 2025 жылғы 11 ақпанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.