Алматы облысында 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

10 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Былтыр облыс аумағында жалпы алаңы 89,7 мың гектар болатын 357 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жыл басынан бері Алматы облысында 9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматы облысы жер қатынастары басқармасынан мәлім еткендей, былтыр облыс аумағында жалпы алаңы 89,7 мың гектар болатын 357 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2025 жылы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы тағы 90 мың гектар жерді қайтару жоспарда.

— Осы жылдың басынан бастап қайтарылған жерлердің 559,0 гектарына типтік жалдау шарттарын жою туралы сот шешімдері шығарылды. Қалған 8 576,0 га жер учаскелерін иелері өз еркімен немесе басқа заңды процедуралар арқылы қайтарды, — деп хабарлады басқармадан.

 

Тэгтер:

Алматы облысы жер