Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

10 ақпан, 2025 / Админ
видеодан скриншот
Көлік қарсы бағытқа шығып кеткен.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат Райымбек ауданында болған. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

«9 ақпанда Lada Largus жүргізушісі Қарасаз – Сарыжаз автожолында қарсы бағытқа шығып, Lexus LХ470 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жолаушысы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Тэгтер:

Жол апаты