Жаңалықтар

Астанада Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға қойылды (ФОТО)

ҰҚК

Мүліктің бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна – 117,9 млн теңге.

Өндірілген активтерді басқаратын компаниясы Мәсімовтың Астанадағы үйін сатуға қойды.

Астананың Нұра ауданында Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылып жатыр.

Мүліктің бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна – 117,9 млн теңге. Аукцион 25 ақпан сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетері, үйдің суреттері Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін ҰҚК жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. 

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған еді.