Екібастұзда 20 жастағы жігіттен 18 млн теңгенің вейпі тәркіленді

10 ақпан, 2025 / Админ
polisia.kz
Күдікті интернет-дүкен арқылы вейптерді сатқан.

Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауар сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатқан. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.

- Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

Тэгтер:

вейп