Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді
2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.
2024 жылдың қазанынан биылғы қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.
«Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді.
Орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін артты.
Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағын қалпына келтіру үшін 4,4 млн көшет отырғызылды.
2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс», – делінген хабарламада.