Жаңалықтар

Әнші Жазира Байырбекова күйеуінің қаталдығы жайлы айтты

instagram.com/zhazira_bairbekova

Бұл туралы ол Жетінші арнаның "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында айтты

Әнші Жазира Байырбекова жұбайы Жанболат Ербатыровтың қаталдығы туралы айтты. Бұл туралы ол Жетінші арнаның "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында сөз еткен.

"Шынында да, басында Жанболат маған: "Мына киімді ки, мына киімді киме" деп, 45 жасқа дейін өте қатал болды. Күйеуімнің айтқанын орындап, онымен ерегеспей, отбасының тыныштығын сақтап жүргенімнің арқасында Алла маған бақ берді деп ойлаймын. Енді-енді осы жастан бастап Жанболат: "Сен мынадай ән айтсаңшы, мына жаққа барып қайтпадың ба? Ұйықтап алмадың ба?" деп, менің жағдайымды жасай бастады. Жасым ұлғайған сайын мені сыйлай бастады", – деді әнші.