Жаңалықтар

Аңызға айналған қазақстандық сериал экранға қайта оралады

istockphoto.com

Көп жылдан кейін сериал кейіпкерлерінің экранға оралуы көрермендер үшін ғана емес, актерлердің өздері үшін де тосын жаңалық болды

1996 жылы шыққан аңызға айналған қазақстандық “Перекресток” сериалы 10 ақпанда қайтадан экранға шығады.

24.kz арнасының мәліметінше, қазақ, орыс, өзбек және қытайлық көрермендер жалпы 60 миллион рет тамашалаған бұл туынды 500-ге жуық сериядан тұрады. “Перекресток” – Қазақстандағы алғашқы отандық телехикая.

Актерлер алты жыл бойы демалыссыз еңбек еткен. Тіпті, қысқа уақытқа болсын сюжеттен кету кейіпкерлердің қайта оралуын қиындататын.

“Көрермен әлі күнге дейін бізді таниды, есіне алады, жақсы көреді және отбасыларының бір бөлігі ретінде қабылдайды. Бұл керемет сезім”, – дейді сериалда Жанна Сабированың рөлін сомдаған актриса Жанна Қуанышева.

Көп жылдан кейін сериал кейіпкерлерінің экранға оралуы көрермендер үшін ғана емес, актерлердің өздері үшін де тосын жаңалық болды.