Қазақстандағы түрмелерде 1104 шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр

9 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Бір сотталғанның бір күндік шығыны шамамен 2900 теңгені құрайды

Қазақстанда қазіргі уақытта 1104 шетелдік сотталған. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Azattyq Rýhy сауалына берген жауабында хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, бір сотталғанның бір күндік шығыны шамамен 2900 теңгені құрайды.

“Бұл сомаға тамақтану, заттай мүлік, төсек-жабдықтары, гигиеналық құралдар, коммуналдық қызметтер, сотталғандарды этаптау, сондай-ақ босатылатын сотталғандардың жол ақысы кіреді,”– делінген комитеттің жауабында.

Тэгтер:

Түрме