Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасағандар қолға түсті

9 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде

Қызылордада екі жолаушы такси тоқтатып, жүргізушіден оларды қала орталығына апаруын сұраған. Алайда жолда жолаушылардың бірі жүргізушіге шабуыл жасап, оны ұрып-соққан.

Күдіктілер оның телефоны мен ақшасын тартып алып, кейін жүргізушіні көліктен шығарып, далаға тастап кеткен. Одан кейін автокөлікті қала сыртына апарып, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Оларды ұстау мақсатында арнайы жоспар енгізіліп, нәтижесінде Қызылорда облысының полицейлері Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлескен операция барысында екі күдіктіні қолға түсірді.

Тексеру барысында олардың Алматы облысының тұрғындары екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Тэгтер:

Қызылорда Такси