Жамбыл облысында жұмысшы ағаштан құлап, мерт болды

8 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілуде

Жамбыл облысында ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшы ағаштан құлап, қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне тексеру жүргізу туралы қаулы мен хат жолданды.

Тэгтер:

Жамбыл облысы