Арқалықта ішінде науқасы бар жедел жәрдем көлігі қарға батып қалған

8 ақпан, 2025 / Алуа Арман
Төтенше жағдайлар министрлігі
Медицина қызметкерлері мен 2008 жылы туған науқас Арқалық қалалық ауруханасына эвакуацияланды

Қостанай облысының 112 пультіне жедел жәрдем көлігінің облыстық маңызы бар “Әулиекөл-Жалдама” тас жолында, Арқалық қаласынан 80 шақырым жерде қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жоғары өтімділікке ие техникамен дереу оқиға орнына жетіп, медицина қызметкерлері мен 2008 жылы туған науқасты Арқалық қалалық ауруханасына эвакуациялады.

Тэгтер:

Арқалық