Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі тіркелді

8 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан 326 шақырым қашықтықта орналасқан

Каспий теңізінде кезекті жер сілкінісі тіркелді.

Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, бұл Каспий теңізінде тіркелген бесінші жер сілкінісі.

Тереңдігі: 39 километр, магнитудасы: 3,1. Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан 326 шақырым қашықтықта орналасқан.

Тэгтер:

Жер сілкінісі