Орал қаласында полиция қызметкерлері Деповский көпірінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
7 ақпан күні кешке полицияға куәгерлерден қоңырау түскен. Олар көпірдің шетінде тұрған қыздың секірмек болғанын хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл жеткен.
Жәңгір Ғазизов көпірдің шетіне жақындап, қызды ұстап үлгерген және оған ойланбай әрекет жасауға жол бермеген. Кейін полицейлер қызды қауіпсіз жерге шығарып, қызметтік көлікке отырғызып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.
ҚР ІІМ мәліметінше, қазіргі таңда қыздың жағдайы тұрақты.