Елімізде шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімі жарияланады
2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгерістер енгізілді
Azattyq Ryhy сайтының мәліметінше, 2018 жылдан бастап Қазақстанда шетелден қаржы немесе мүлік алатын тұлғалар үшін жаңа ережелер енгізілді. Бұл қаражат шетелдік үкіметтерден, ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан келуі мүмкін. Мұндай адамдар мемлекетке есеп беруге міндетті.
2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті өз интернет-ресурсында шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың реестрін жариялайды.
Бұл реестр жарты жылда бір рет жаңартылып, алғашқы және екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жарияланады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл шаралар қоғамдық сенімді арттыруға көмектеседі; мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз етеді; шетелдік қаржыландырудың заңдылығын бақылауға мүмкіндік береді.