Қоғам

Қарағанды-Астана бағытында 1500-ге жуық көлік жолда қалды

Видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлері 1500 автокөлікті Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді

Қарағанды полицейлері боранда жолда қалған 1500 көлікті шығарып салды.

Кешкі уақытта ұзындығы бір шақырымға созылған көлік тізбегі Астанаға қарай жолға шықты. Қарағанды облысының патрульдік полицейлері боранда қалып қойған көліктерді он топқа бөліп, қауіпсіз түрде алып жүрді. Ең бастысы, жолаушылар зардап шеккен жоқ.

“Қазіргі уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлері 1500 автокөлікті Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты боран соғып тұр, жолдың көріну қашықтығы – 20-25 метр. Сондықтан жүргізушілерге алыс жолға шықпауға кеңес береміз,” – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.