Спорт

Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

olympic.kz

Жарыс нәтижесінде Корея чемпион атанып, Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.

Шорт-тректен 2000 метрге аралас командалық эстафетада финалға Корея, Қытай, Жапония және Қазақстан құрамалары шықты. Қазақстан сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек өнер көрсетті.

Жарыс нәтижесінде Корея чемпион атанып, Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді.

Қорытынды нәтиже:

– Корея – 2:41.534;

– Қазақстан – 2:42.258;

– Жапония – 2:44.058;

– Қытай – 2:59.057.