Италия жағалауында жер сілкінді

7 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: istockphoto.com
Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

4.9 баллдық жер сілкінісі Сицилия аралының жағасында тіркелген, деп хабарлады turkystan.kz.

Деректерге сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Палермо қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 91 км жерде орналасқан, онда 648 000 адам тұрады.

Зілзала ошағы 11 км тереңдікте жатты.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Тэгтер:

Италия зілзала