АҚШ-та Филадельфиядан Уилмингтонға баратын жолаушылар пойызы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.
Соңғы вагондардың бірінде жалын пайда болғаны жайында Fox News телеарнасы ақпарат таратқан. Осыдан кейін Уилмингтонмен теміржол байланысы үзілген.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жолаушыларды жақын маңдағы қалаға автобуспен жеткізуге уәде берілді.