Ресейде жұмыс аптасын 40 сағаттан 36 сағатқа қысқартуды көздейтін заң жобасы әзірленген.
Жаңа кестеге кеңсе қызметкерлері, қызмет көрсету және сауда саласының мамандары ауыса алады. Бұл ретте, жалақы сақталады.
Бұл шешімді ел Еуропа тәжірибесіне қарап қабылдамақ. Ол жақта қысқартылған жұмыс сағаттары қызметкерлердің тиімділігін арттырады – олар тапсырмаларды жылдамырақ орындап, жұмыстан ертерек босауға тырысады.