Жаңалықтар

Наурыздан бастап пойыз билеті қымбаттайды

istockphoto.com

Жол ақысы заңға сәйкес өзгереді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 1 наурыздан бастап пойыз билеттерін 7%-ға көтермек, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше жол ақысы «Теміржол көлігі туралы» заңның 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес өзгереді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.