Алматы метросында жолаушылар төбелесіп қалды (ВИДЕО)

7 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Метродағы төбелестің себебі – бір жолаушының рюкзагын шешу туралы өтініштен басталған.

Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, жанжал бір ер адамның рюкзагын шешу туралы өтінішінен басталған. Алайда жолаушы бұл өтініштен бас тартқан, содан кейін сөз таласы басталып, арты төбелеске ұласқан.

«Куәгерлердің сөзінше, жанжалдың себебі – бір жолаушының рюкзагын шешу туралы өтініштен басталған. Алайда ол бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Осыдан кейін сөз таласы басталып, арты төбелеске ұласқан. Видео кадрларынан төбелес аяқталған соң жерде қан іздері қалғанын байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі қатты жарақат алған», – делінген видео сипаттамасында.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысушылар анықталған.

«Қазір метрополитендегі полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Жанжалға қатысушылар анықталды. Басқа да мән-жайлар нақтыланып жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.