Қарағанды облысында жол ашылды
Жол ауа-райының бұзылуына байланысты жабылған болатын.
2025 жылғы 7 ақпан сағат 15:00-де келесі республикалық автожолда көлік қозғалысы ашылды:
Қарағанды облысы:
- "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесі (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін).
Айта кетейік, бұдан бөлек Астана – Теміртау автожолының 1353-1426 шақырымында қозғалыс шектелген. Себебі жол көрінбейді. Қазір жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.