Еуроодақпен қош айтысар күн

Еуроодақпен қош айтысар күн

Еуроодақпен қош айтысар күн
ашық дереккөзі
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығатынын Еурокеңес басшылығына ресми растады.
Британияның Еуроодақтағы тұрақты өкілі Тим Барроу Еурокеңес төрағасы Дональд Тускке осыны айқындайтын хат тапсырды. Іле шала Дональд Туск тілшілерге бұл күнді ресми Лондон үшін де Брюссель үшін де бақытты сәт деп санамайтынын айтты. Лиссабон келісімінің 50-ші бабы бойынша бөлінетінін ресми жариялаған Ұлыбритания тура екі жылда, яғни 2019 жылдың 29 наурызында Еуроодақ құрамынан шығуы тиіс, деп жазады «Хабар 24».
«Ұлыбританияның Еуроодақтан шығатыны туралы ресми өтініш түсті. Енді Лиссабон келісімінің 50-ші бабы бойынша Корольдік басшылығымен келіссөздер басталады. Бұл қуанарлық жағдай емес. Бірақ Брекситтің жақсы жақтары да бар. Осы арқылы Одақтағы 27 мемлекеттің бірлігі бұрынғысынан да беки түседі. Ендігі мақсат азаматтарымыз бен кәсіпкерлерімізді шығынға батырмай, тиімді байлам жасау», - дейді Еурокеңес төрағасы Дональд Туск.