Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол ашылды

istockphoto.com

Жол ара-райының бұзылуына байланысты жабылған болатын.

2025 жылғы 7 ақпанда сағат 08:30-де  Қарағанды облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығында (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 Айта кетейік, облыстағы республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде.